Қазақстан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатын 6 медальмен аяқтады

Автор: Azattyq Rýhy

Алты күн бойы әлемнің 90 елінен барған 811 спортшы жүлделі орындарға таласты

Фото: kaztkd.kz

Болгария астанасында таеквондодан жастар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР таеквондо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, алты күн бойы әлемнің 90 елінен барған 811 спортшы жүлделі орындарға таласты.

«Қазақстандықтар дүбірлі додада екі күміс пен төрт қола медаль иеленді. Жерлестеріміздің арасынан күміс медаль Айдана Сүндетбай (46) мен Тамерлан Тілеулеске (51 кг) бұйырса, Әсет Ізғалиев (48 кг), Жавохирхон Исламов (55 кг), Әлібек Шайкенов (59 кг) пен Батырхан Тілеуғали (59 кг) қола жүлдегер атанды», - делінген хабарламада.

Жалпы еліміздің атынан бұл аламанға 20 таеквондошы аттанған болатын.