Исландияда 6 мың жыл ұйықтап жатқан жанартау оянды
Рейкьявик қаласына қауіп төніп тұр
Исландияда 6 мың жыл ұйықтап жатқан жанартау оянып, Рейкьявик қаласына қауіп төніп тұр. Іргеде жатқан жанартау байыз таппай атқылап жатыр, деп Azattyq Ruhy "Хабар24" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елдің ұлттық метеорологиялық агенттігінің мамандары жанартаудан бөлінген диоксид күкірті адам өміріне қауіпті екенін айтады. Бұған дейін жанартау 6 мың жыл бойы ұйқыда жатқан. Ал биыл наурыз айында қайта оянды. Төнген қауіпке қарамастан оны тамашалауға келген туристердің қарасы қалың. Олардың саны 4 мыңнан асты.
"Мен екі күн бүрын өзімнің үйлену тойымды осында ұйымдастыру үшін келдім. Ұлттық саябақта жанартаудың атқылап жатқанын естіп, оны көріп қайтайық деп шештік. Керемет көрініс", - дейді турист Морин Манн.