Коронавирус: елімізде емделіп жатқан 8 науқастың жағдайы өте ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

4 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

8 тамыздағы мәлімет бойынша, 27 116 адам коронавирус инфекциясынан (–26 804+ және 312 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналындағы деректерге қарағанда, олардың ішінде 1 466 пациент стационарда, 26 650 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

  • 35 адамның жағдайы ауыр, 
  • 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 
  • 4 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.