Павлодарда самокатпен жүрген баланы көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа дәрежеде

Фото ашық дереккөзден

Павлодарда самокатпен жүрген баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлері Катаев-Естай көшелерінің қиылысында самокат мініп бара жатқан баланы көлік қаққаны туралы хабарлады. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан баланың жол бойында жатқаны белгілі болды.

Жедел жәрдем шақырудан кейін жеті минутта оқиға орнында болды. Дәрігерлер тексеруден кейін 12 жасар баланы облыстық балалар ауруханасына жатқызды.

«Науқастың бас миының жабық жарақаты, бас миының шайқалғаны, басы көгергені, арқасы мен аяғында көгерген және тері сыдырылғаны анықталды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа дәрежеде.