ҚР СІМ Лондондағы Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасалуына қатысты мәлімдеме жасады
4 тамызда Әзербайжан Республикасының Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы елшілігіне діни радикалды топтар шабуыл жасаған болатын

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Лондондағы Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасалуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Үстіміздегі жылдың 4 тамызында орын алған экстремистердің Лондондағы Әзербайжан Республикасының Елшілігіне шабуылына байланысты дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналына қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қабылданбайды деп санаймыз», - делінген ҚР СІМ ресми хабарламасында.
Сыртқы саяси ведомствосы халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзудың осындай актілері жалпыға бірдей айыпталуға жатады және олардың ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту мақсатында мұқият тергеуді талап етеді деп көрсетті.
«Біз әзербайжан халқының төзімділігіне сенімдіміз және бауырлас мемлекет үшін қиын жағдайларда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді білдіреміз», - деп хабарлады ҚР СІМ.