Таиландта түнгі клубта өрт шығып, 13 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз

Фото: AP

Таиландта түнгі клубта өрт шығып, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy euronews-ке сілтеме жасап.

Таиландтың Чонбури провинциясындағы көңіл көтеру орнында шыққан өрттен кем дегенде 13 адам қаза тауып, 35-і жараланды.

Полицияның хабарлауынша өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. Өрт болған уақытта ғимаратта адамдар шамадан тыс көп болған.

Тегтер: