Ақтау қаласында пышақ жарақатынан полиция қызметкері аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмған болатын
Ақтауда учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген күдікпен 27 жастағы азамат екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының үкімімен Ақтау ҚПБ ЖПҚ ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.
«Тергеу сотының шешімімен күдікті Ж-ға қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды»,- деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.