Нәрестенің салмағы 5 келі 800 грамм
Елордада №3 көпбейінді қалалық аурухананың перзентханасында салмағы 5,8 килограмм сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Медицина қызметкерлері нәрестені еркелетіп Исатай батыр деп атайды.
«Нәресте 4- тамыз күні дүниеге келді, бойы 63 см. 30 жастағы қазақстандықтың отбасындағы үшінші бала, кішкентай батырды үйінде әпкесі мен ағасы күтуде», - деп көрсетті перзентхананың баспасөз қызметі.
Әйел жүктеліктің 39 аптасында табиғи босанды.
«Қиын болды, бірақ мен перзентхана дәрігерлеріне дән ризамын. Жанымда бірнеше маман болды, маған қолдау жасап, жағдайды бақылап отырды. Жанымда перзентхана және босанғаннан кейінгі бөлім меңгерушілері де болды» - дейді нәрестенің анасы.
Дәрігерлердің айтуынша ана мен баланың жағдайы жақсы, жақын күндері үйіне шығады.