Соңғы бес жылдағы шығын – 580 млрд теңге
Qazaqgaz (бұрынғы атауы – «ҚазТрансГаз») компаниясының 2022 жылғы шығыны 180 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы Ұлттық компанияның Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық компания басшысының айтуынша, мұндай жағдайға шығынды баға белгілеу алып келеді. Ол баға жер қойнауын пайдаланушылар мен компания үшін сәйкес келмейтінін, сондай-ақ тауарлық газдың тапшылығын тудыратынын атап өтті. Сондықтан, заңды тұлғалар, басқа бағаға қол жеткізе алатын өнеркәсіптік кәсіпорындар үлкен жүктемемен бағаны реформалауы қажет.
«Егер биылға қарайтын болсақ, жоспарланған шығын – 180 миллиард теңге. Ал соңғы бес жылға мән беретін болсақ, шығын – шамамен 580 миллиард теңге. Алдағы екі-үш жылды осы қарқынмен есептесек, шығын көлемі триллион теңгеден асады», - деді Санжар Жаркешов «Самұрық-Қазына» баспасөз конференциясында.