Қызылорда облысында әлеуметтік қызметкерлер қамқоршыларының ақшасын бермей, өздері жаратқан

Azattyq Rýhy

Прокурорлар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуын тексеру аясында 1,8 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады

Қызылорда облысында әлеуметтік қызметкерлер қамқоршыларының ақшасын бермей, өздері жаратқан
фото: sputnik.kz

Қызылорда облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары қамқоршыларының жәрдемақысы мен зейнетақысын өздері жаратқан. Бұл заңсыздықтар прокурорлық тексерістер нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қызылорда облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өздерінің дәрменсіз қамқоршыларының дербес және биометриялық деректерін пайдаланып, зейнетақы мен жәрдемақысын өз шоттарына аударған.

«Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тексеру нәтижесінде барлығы 336 қадағалау актісі енгізілді, 130 тұлға тәртіптік, 65 тұлға әкімшілік, ал 2 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деп көрсетті ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.