Бүгінде 423 бала коронавирустан емделіп жатыр – Ажар Ғиният

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде 3 бала ауыр халде жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде жыл басынан бері 6000 бала коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

"Жыл басынан бері 6 мың бала ауырды. Бүгінде 423 бала COVID-19-дан емделіп жатыр. Әрбір баланың денсаулығы министрлік деңгейінде бақылауда. Жеке штабымыз бар", - деді министр.

Сондай-ақ, министр қазіргі кезде 3 бала ауыр халде жатқанын айтты.

"Бүгінде вирус жұқтырған балалардың 21%-ында ауру жеңіл өтуде, 77%-ы орташа деңгейде, 0,7%-ы күрделі, яғни 3 бала реанимация бөлімінде жатыр. Олардың денсаулығы дәрігерлердің бақылауында", - деді А.Ғиният.