Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Кінәлілерге 2  жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлері заңсыз ойын орындарын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Анықталғандай, екі азамат 2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың маусым айларының аралығында Атырау қаласында орналасқан монша ғимаратынан және пәтерде  заңсыз тыйым салынған құмар ойынды жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ойын бизнесі тәртібін бұзу  қылмыстық әрекеттері әшкереленді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сот үкімен екі адам қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 2  жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.