Теміртауда баланың үстіне темір қоршау құлаған. Мердігер компания 6 миллион теңге өтемақы төлейді

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар баланың еміне жұмсалған және қорғаушыға шығындалған қаржыны өтеуге міндеттелді

фото: patriotnews.kz

Теміртау қаласында «Таңшолпан» балабақшасының темір қоршауы 13 жастағы жасөспірімнің үстіне құлап кеткен. Жұмысына салғырт қараған компания материалдық-моралдық шығындарды өтеугі міндеттелді,  деп хабарлайды  Azattyq Ruhy.

Көптеген жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.

«Патриот» телеграм-каналының хабарлауынша, бастапқыда мердігер компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда «Рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес сот шешімімен фирма директоры қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Зардап шеккен баланың анасы азаматтық сотқа арызданып, материалдық-моральдық шығындарды өтеуін талап еткен.

Сот үкімімен «Сантехмонтаж» ЖШС өкілі зардап шеккен бала мен оның анасына 6 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар баланың еміне жұмсалған және қорғаушыға шығындалған қаржы толық өтеледі.

Тегтер: