Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демаласында болған
Ақтауда пышақталған учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia-ға сілтеме жасап.
3 тамызда сағат 03.50 шамасында Ақтау ювеналды полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы мойын тұсындағы жарақаттармен облыстық ауруханаға жеткізілген.
Пышақталған учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды. Қазір бұл іске күдікті азамат ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қаза тапқан азамат 26 жаста, Маңғыстау облысында туған, үйленген, 3 баласы бар. Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демаласында болған.