Ол қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген
Қызылорда облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қарақшылық жасағаны үшін іздеу жарияланған күдіктіні қолға ттүсірді.
«Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігімен (қарақшылық) қылмыс жасаған деп айыпталуда. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінен.