Атырау облысында ер адам Бақсай каналына батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жас жігіт рұқсат етілмеген жерде суға шомылған

фото: Атырау облыстық ТЖД б/қ.

Атырау облысында тағы бір адам суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 2 тамызда 15:05 шамасында Махамбет ауданына қарасты Таңдай селосында болған. Рұқсат етілмеген жерде суға шомылған 1996 жылы туған жігіт батып кетті.

«Шақырту орнына Атырау қаласынан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы шықты. Сағат 19:10 жергілікті тұрғындардың күшімен марқұмның денесі табылып, судан шығарылды»,- делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 5 сүңгуір-құтқарушы және 1 үрмелі қайық, 1 техника, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Тегтер: