Алматы облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев таныстырды

фото. Алматы облысы Полиция департаменті

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып Бауыржан Әленов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша және ІІМ министрінің бұйрығына сәйкес, Әленов Бауыржан Төлегенұлы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды», - делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында.

Бауыржан Әленов 1976 жылы 8 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген.

Білімі – құқықтану, заң ғылымдарының магистрі. 2004 жылы «Фемида» заң институтын, 2012 жылы Қарағанды ​​заң институтының магистратурасын тәмамдаған.

Тегтер: