Құтқарылған әйелге психологиялық көмек берілді
Нұр-Сұлтанда әкімдік жанындағы ғимараттан секірмек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Елордада полицей Бейбітшілік көшесіндегі бұрынғы орталық әмбебап дүкеннің шатырына шығып, секірмек болған әйелді құтқарды.
«1- тамыз күні сағат 15:02-де «102» каналына Бейбітшілік көшесінде орналасқан ғимаратқа шығып алған әйелдің секірмек екені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына бірден жедел қызмет мамандары жіберілді», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Құтқарылған әйелге психологиялық көмек көрсетілді.