Бейнеуде көліктерді өткізбей, жолға жатып алған азамат жауапкершілікке тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 3 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады

видоедан скрин

Бейнеуде жол бойына жатып алып, көлік құралдарының жүрісіне қасақана кедергі келтірген азамат анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің хабарлауынша, 29-шілде күні сағат 17:30 шамасында Б.Майлин көшесінің бойында ер адам жолға жатып алып, жүргізушілерге кедергі келтірген.

Аталған азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 614 бабы (Көлiк құралдарының жүрісіне қасақана кедергi келтіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды.