Олар Жібек жолы шекара бекеті арқылы Өзбекстанға өтпек болған
Түркістан облысында жалған құжатпен шекарадан өтпек болған Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жібек жолы шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкерлері Өзбекстан Республикасының екі азаматы Қазақстан шекарасынан өтпек болғанда құжаттарының жалған екендігін байқап, полицияға хабар берген. Тексеру нәтижесінде құжаттардың жалған екені анықталды.
Бұл факт ҚР ҚК 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша тіркелді.