Бұл туралы III Карлос Денсаулық институты сайтында жарияланды
Испанияда шілде айында аптап ыстықтан 2064 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Институттың өлім-жітім бойынша мониторинг жүйесіндегі деректерге қарағанда өткен жылдың сәйкес кезеңінде ыстықтан көз жұмғандардың саны шамамен 4 есеге аз болған.
Қайтыс болғандардың 1321-і жасы 85-тен асқандар. 470 адам 75-84 жас аралығында, 176 адам 65-74 аралығында және 83 адам 45-64 жаста болғаны көрсетілген. Бұған қоса жоғарғы температура 14 жасқа дейінгі 10 баланың өліміне себеп болды.