Коронавирусқа шалдықты деген қауіппен ауруханаға жеткізілген студенттің диагнозы белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 14 қаңтар күні Қытайдан келген

Фото: ашық дереккөзден

«Астана» медициналық университетінің студенті қалалық инфекциялық ауруханада тексерістен өтті. Елордаға Қытайдан келген студент коронавирус инфекциясын жұқтырмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі астаналық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Студентке  бронхит диагнозы қойылды. Сырқат асқынған, бронхит. Коронавирус инфекциясы анықталған жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.

Астаналық медициналық университет студенті 14 қаңтар күні Қытайдан оралған. Кейін ол коронавирусқа шалдықты деген қауіппен ауруханаға жеткізілді. Қалалық инфекциялық ауруханада диагноз нақтыланды.

Айта кету керек, жақында Қазақстан эпидемия ошағы Уханьнан 83 қазақстандықты эвакуациялаған еді.