Көкшетауда 20 үйді су басты

Автор: Azattyq Rýhy

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының нұсқауымен жедел штаб құрылды

фото: Ақмола облысы ТЖД

Көкшетауда 20 тұрғын үй мен 60 ауланы су басты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Су сору жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 40 адам және 20 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 10 адам, 4 ассенизатор, 1 экскаватор жұмылдырылды. Су басқан 20 тұрғын үйден су сорылды. Қала бойынша 6300 текше метр су сорылды», -деп көрсетті Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.