Оралда 2 автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апаты бүгін 11:00 шамасында Дәулеткерей мен Мұхит көшесінің қиылысында болған

Орал қаласында екі автобустың қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дәулеткерей және Мұхит көшесінің қиылысында №39 және №30Д бағыттағы жолаушылар автобусы соқтығысқан. Соның салдарынан автобустардың бірі жаяу жүргіншілер жолында тұрған Toyota Camry көлігіне аударылды.

Жолаушылардың айтуынша аударылған автобуста болғандар терезеден сыртқа шыққан. Полиция қызметкерлері жол апатының себептерін анықтайды. Жарақат алған 11 адам жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Тегтер: