Қолма қол ақшамен жолақысын төлеушілер үшін баға 80 теңгеден 150 теңгеге дейін артады
Оралда қоғамдық көлікте жол ақысын қолма-қол ақшамен төлейтін жолаушылар үшін жол жүру ақысы қымбаттайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
10 тамыздан бастап қаланың қоғамдық көліктерінде жол ақысын қолма-қол төлеу ересектерге - 150 теңге, балалар үшін - 70 теңге болады. Электронды төлем жасау бұрынғы қалпында қалады, ересектер үшін - 80 теңге, балалар үшін - 40 теңге.
Қала аумағындағы барлық 27 бағытқа электронды билеттеу жүйесі орнатылған. Жол ақысын көлік немесе банк картасы, QR-код немесе Каспий - QR арқылы төлеуге болады.
«Қолма-қол есеп айырысу үшін сараланған тариф жолаушылар көлігі жұмысының тиімділігін арттыру, жергілікті бюджетке қосымша салық түсімдерін алу мақсатында, сондай-ақ көрсетілген қызметтер санына бақылауды күшейту үшін енгізіледі», - деп көрсетті Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.