Ұсталғандардың бірі есірткіні жұмыс орнына жасырған
Ақтауда шетелдіктерден мефедрон синтетикалық есірткісінің 740 дозасы тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласында Өзбекстан Республикасының бір топ азаматын ұстады. Тінту барысында олардан жалпы салмағы 740 грамм болатын мефедрон есірткі затымен 221 түйір тәркіленді.
Ұсталғандардың бірінің жұмыс орнын тінту кезінде жалпы салмағы 200 грамм мефедрон және салмағы 10 грамм болатын 20 дана есірткі заты табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.