Степногорск көшелерін толассыз жауған жаңбырдан кейін су басты

Автор: Azattyq Rýhy

3 шағын аудан судың астында қалған

Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласының көшелерін су басты. Оған толассыз жауған жаңбыр себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке сәйкес, 3 шағын аудан судың астында қалды. Орталық базарды да су басты. Дүкеншілер оны өз күшімен шығарып жатыр. Жергілікті билік жауын-шашын нормадан көп түсті десе, қала тұрғындары жаңбыр суы ағып кететін канализация дұрыс істемейді дейді. Базар қызметкерлері қала әкімшілігіне бейнеүндеу жолдады. Ал жауапты орындар қатты жауған жаңбыр суымен шайылған көшенің құмы суағараларды бітеп тастағаны айтады. Соның кесірінен су ағып кетіп үлгермей жатыр. Қазір жаңбыр басылған, коммуналдық сала қызметкерлері суағарларды тазалауға кірісті.

 «Таңғы сағат 5-тен 12-ге дейін 1 күнде  біздің қалаға жаңбыр жауып жатыр. Сондықтан қазіргі кезде құзырлы органдар жұмыс істеп отыр. Одан артық 7 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. 1 метрге дейін су көтерілген. қазір 20 см қалды. Бірақ мына жаңбыр ақпарат бойынша ертең кешке дейін жаңбыр тоқтамайды. Қазірге дейін әлі жауып жатыр. Ал Екібастұзда жаңбыр араласқан дүлей дауыл ағаштарды қурайша шайқап, үрей туғызды. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Алайда күшті жел ұзаққа созылмай, көп ұзамай тынған», - дейді Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров.