Күдікті қыздың денесін ауылдың шетіне көміпті
Жетісу облысының Панфилов ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлап, өлтіріп кеткен. Бұл туралы Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, қыздың ата-анасы полицияға хабарласып, кешке құрбысының үйіне кеткеннен оралмағанын айтқан.
Полиция жоғалған қызды іздестіру бойынша жан-жақты жұмыс жүргізді.
Жедел уәкілдер күдіктіні анықтады. Ол қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, бұл әрекеті елге жария болады деп қорыққандықтан жасөспірім қызды өлтіргенін мойындады.
Күдікті қыздың денесін ауылдың шетіне көміпті. Мәйіт топырақ астынан алынып, сот-медициналық сараптама жүргізуге жолданды.
«ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (Айыптының дәрменсіз күйдегі адамды өлтіруі), 10-тармағы (өзге қылмысты жасыру мақсатында) және 14-тармағы (Кәмелетке толмағанды өлтіру) бойынша қылмыстық іс тіркелді, олар бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған. Ал ҚР ҚК-ның 120-бабы 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды зорлау) 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - делінген хабарламада.
Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды, іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.
Тергеуді облыстық полиция департаментінің тергеушілері жүргізеді.