Тамызда еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында керісінше, биыл ылғал молырақ болады

Фото: depositphotos.com

 «Қазгидромет» РМК тамыз айында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында ылғал тапшылығы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжануда. Сондай-ақ Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын жаумай, құрғақшылық болуы мүмкін.

Ал Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше, ылғал молырақ болады.

Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болмақ.