«Бәйтерек» ұлттық холдингі еншілес компаниялар санын қысқартты

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізілген өзгерістер «ҚазАгроҚаржы» клиенттеріне әсер етпейді

Фото ашық дереккөзден

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымы оңтайландырылып, еншілес компаниялар санын 7-ге дейін қысқартты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 25 шілдеде «ҚазАгроҚаржы» АҚ (ҚАҚ) акцияларының 100%-ын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға (АНК) берді. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компанияларының жалпы саны 7-ге дейін қысқартылды. ҚАҚ АНК-нің еншілес компаниясына айналып, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке беру бойынша өзінің негізгі қызметін жалғастырады. Жүргізілген ұйымдастырушылық өзгерістер ҚАҚ-тың қазіргі клиенттеріне және іске асырылатын лизингтік бағдарламалардың шарттарына әсер етпейді», - делінген хабарламада.