Кәріз құбырларын тазарту кезінде кран электр сымына тиіп кеткен
Екібастұз қаласында жергілікті серіктестік жұмысшысын ток соғып, қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Екібастұз қаласында Мәшһүр Жүсіп пен Пішембаев көшелерінің қиылысында кәріз құбырларын тазарту кезінде кран электр сымына тиіп кеткен. Электр қуаты разрядынан серіктестік жұмысшысы қаза тапты», - делінген ресми хабарламада.