Таразда көлік жүргізу құқығынан айырылған адам тағы да мас күйінде ұсталды

Автор: Әсел Оршыбекова

Ол 2020 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған

Фото ашық дереккөзден

Полиция қызметкерлері 26 шілдеде түнгі 01:15 шамасында Тараз қаласы Шөлдала иіні аумағынан мас жүргізушіні қолға түсірді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Тәртіп сақшылары патрульдеу кезінде күдік тудырған «ВАЗ-2104» маркалы көлігін байқаған. Артынша оны тоқтатып, тексеру барысында 51 жастағы жүргізушінің ішімдік ішкенін анықтаған. Сондай-ақ, ол жүргізу құжаттарының жоқ екенін мойындаған.

«Оған қоса, 2020 жылдың желтоқсан айында сот шешімімен мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.