Алматы облысында киік мүйізін заңсыз алып бара жатқандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталғандар Қызылорда облысының тұрғындары екен

Алматы облысы ПД

Алматы облысында полицейлер ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қызыл кітапқа енген жануардың мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, ұсталғандар Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты.

«Ұсталғандардың бірі тізгіндеген Toyota маркалы көлігінің салонынан Қызыл кітапқа енген жануардың мүйізі толы 13 қап табылып, тәркіленді. Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша тергеу басталды», - деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Тергеу амалдары қолға алынды.