ЕО мемлекеттерінің газ тұтынуды азайту жөніндегі төтенше жоспары қабылданды

Автор: Azattyq Rýhy

Жоспар ұлттық газ тұтынуды 15%-ға азайтуды көздейді

Фото ашық дереккөзден

Еуроодақ мемлекеттерінің газ тұтынуды азайту жөніндегі төтенше жоспары қабылданды. Бұл туралы Брюссельде өткен ЕО елдерінің энергетика министрлерінің арнайы кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Еуропалық одақ елдері газ тұтынуды азайту бойынша төтенше жоспар туралы келісті. Сейсенбі, 26 шілдеде ол Брюссельде ЕО елдерінің энергетика министрлерінің арнайы кездесуінде көпшілік дауыспен мақұлданды», - деп хабарлады Чехия ЕО жанындағы өкілдігі.

Жаңа жоспардың мақсаты – Ресейден газ жеткізуді толығымен тоқтату нәтижесінде туындауы мүмкін тәуекелдерді азайту. Дипломатиялық орталардағы дереккөздердің хабарлауынша, Еурокомиссия ұсынған жоспар 2022 жылғы 1 тамыздан 2023 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде ұлттық газ тұтынуды 15%-ға азайтуды көздейді.