Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмысын бастады

Фото ашық дереккөзден

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болды. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға бүгін кешкі сағат 17:42 шамасында болған.

«Әуезов ауданындағы тұрғын үй құрылыс алаңында жұмысшының үстіне мұнаралы кран құлады, салдарынан оқиға орнында 1989 жылы туған Б. есімді азамат көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмысын бастады. Тиісті сараптамалар жүргізіледі. Оқиғаның мән -жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.