Елордаға Грузия премьер-министрі ресми сапармен келді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады

primeminister.kz

Бүгін кешке Қазақстанға ресми сапармен Грузия Үкіметінің басшысы Ираклий Гарибашвили келді. Бұл туралы primeminister.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында И. Гарибашвилиді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.

 «Екікүндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екіжақты сауда-экономика ынтымақтастығын тереңдету мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар Грузия Премьер-министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады», - делінген хабарламада.