Елордада ер адам мал базарынан бес қошқардың етін ұрлаған

Автор: Әсел Оршыбекова

«Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Елордада мал базарының бұрынғы жұмысшысы ет ұралау бойынша қолға түсті. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астаналық кәсіпкер ірі сомаға мал ұрланғаны туралы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мал базардың бұрынғы жұмысшысы 29 жастағы күдіктіні ұстады.

«Анықталғанындай, күдікті сағат 05.30 шамасында Алаш көшесінің бойындағы «Мал базардың» ангар бөлмесіне жасырын кіріп, бес қошқардың етін ұрлап кеткен. Тергеу барысында ер адамның бұрын осы базарда жүк тиеуші болып жұмыс істегені және қойма үй-жайларының орналасқан жерін білгені анықталды. Ол бөтен адамдардың жоқтығын пайдаланып, ет ұрлады», - делінген хабарламада.

Аталған қылмысқа қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.