Ауа райы: еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық сақталады

Azattyq Rýhy

Қазақстанның батыс жартысында жаңбыр жаууы мүмкін

Ауа райы: еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық сақталады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Қазақстанның батыс жартысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болып, қатты жаңбыр жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Республика бойынша жел 15-20 м/с күшейеді, Қазақстанның шығыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында қатты ыстық сақталады.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының батысы мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында өте қатты ыстық сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.