Мөлдір Бекеева дәрігерлердің қарсы болғанына қарамастан жұмысын жалғастырған
Шымкентте қызметінен шу шығып, өзіне қол салған полиция департаментінің қызметкері бұрыңғы қызметіне қайта кірісті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мөлдір Бекеева тілшілерге дәрігерлер қарсы болғанына қарамастан қызметіне кіріскенін жеткізді.
Өткен сәрсенбіден бастап жұмысқа шыққан ол Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі - ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы, баспасөз хатшысы қызметін атқарып жатыр.
Айта кетейік, қызмет бабында үлкен шу шығып, кейіннен қоғамдық резонансқа айналған Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері Мөлдір Бекеева өзіне қол салған болатын.