Қазақстанда өткен тәулікте 2 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

КВИ жұқтырған 32 науқас ауыр халде жатыр

Фото: ашық дереккөзден

 Қазақстанда өткен тәулікте 2054 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 806,
Алматы қаласында - 532,
Шымкент қаласында – 46,
Ақмола облысында – 68,
Ақтөбе облысында – 8,
Алматы облысында - 83,
Жетісу облысында - 84,
Атырау облысында - 61,
Шығыс Қазақстан облысында - 6,
Абай облысында - 26,
Жамбыл облысында - 76,
Батыс Қазақстан облысында - 20,
Қарағанды облысында - 130,
Ұлытау облысында - 0,
Қостанай облысында - 11,
Қызылорда облысында - 36,
Маңғыстау облысында - 14,
Павлодар облысында - 28,
Солтүстік Қазақстан облысында - 8,
Түркістан облысында - 11.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 333 547 адамға жетті. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1083 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 341,
Алматы қаласында - 490,
Алматы облысында - 50,
Жетісу облысында - 3,
Атырау облысында - 15,
Шығыс Қазақстан облысында - 26,
Абай облысында - 11,
Жамбыл облысында – 25,
Қарағанды облысында - 59,
Қызылорда облысында — 63.
Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 301 086 адамға жетті.

Сондай-ақ 25 шiлдедегi мәлімет бойынша 18 962 адам коронавирус инфекциясынан (–18 796+ және 166 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 280 пациент стационарда, 17 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 32 адамның жағдайы ауыр,

  • 7 пациенттің жағдайы өте ауыр,

  • 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.