Сот шешімі шыққанға дейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалған
Қостанайда тәртіп сақшыларына дөрекілік танытқан жүргізуші полициядан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанай тұрғыны көпшілік алдында полицейлерден кешірім сұрады.
"Қостанай қаласының жағажайында полиция қызметкерлеріне және қоғамға агрессив мінез-құлық көрсеткенім үшін Қостанай қаласының полиция қызметкерлері мен тұрғындарынан кешірім сұраймын. Өзімді неге солай ұстадым? Өйткені сол күні жол апатына ұшырадым, Ravon көлігі соқып, көлігімнің бамперін бүлдірді, мен халыққа қарап, агрессиямды басу үшін қалалық жағажайға бардым. Сол кезде алдымнан қызметкерлер шығып, жанжал туды, сол үшін олардан және сіздерден, Қостанай қаласының тұрғындарынан кешірім сұраймын. Мен бәрін де жақсы көремін және құрметтеймін, ақымақ емеспін", - деді Қостанай қаласының тұрғыны Фархат Маликов TikTok желісінде.
Еске сала кетейік, Қостанайда полицейлерді балағаттаған жүргізуші ұсталған болатын. TikTok әлеуметтік желісінде полиция қызметкерлерін балағаттап жатқан видеосы тараған. Кадрларда видео авторы, Mercedes-Benz көлігінің иесі өзін тоқтатқан тәртіп сақшыларына дөрекі және бейәдеп сөздер айтады. Қостанай облысының полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қалалық жағажай аумағында болған, оның көлігінде мемлекеттік нөмір болмаған.
Тәртіп сақшылары заңбұзушылықты тіркеу кезінде ер адам қызметкерлерді балағаттап, оқиға орнынан қашуға әрекеттенгенін атап өткен еді. Сот шешімі шыққанға дейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік кодексінің 4 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.