Түркістан облысында аптап ыстықтан тасжолдағы бетон жабыны көтеріліп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Мердігер ұйым ақауларды жою жұмыстарын жүргізген

"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі

Түркістан облысы аумағындағы Самара-Шымкент тасжолында 50 градус ыстықтан бетон жабыны көтерілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеше Түркістан облысында М-32 "Самара-Шымкент" тасжолының 2234-шақырымында (Түркістан қаласына қарай Тамерлан ауылының маңында) сағат 16:00 шамасында ауа температурасының жоғарылауына байланысты (50 градусқа дейін) цемент-бетон төсемі көтеріліп кетті.

"ҚазАвтоЖол" АҚ хабарына қарағанда, мердігер ұйым ақауларды жою жұмыстарын жүргізген. Оларға төрт арнайы техника мен 10 жол жұмысшысы жұмылды. Сөйтіп, күннің соңына дейін жол жүру қамтамасыз етілді.