Маймыл шешегін әзірге індет санатына жатқызбай отыр
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің таралуына байланысты әлемдік деңгейде төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Вирусты қазіргі сәтке дейін 47 елде анықталып, жұқтырғандар саны 16 мың адамға жетті. 1 айдай бұрын ғана науқастар қатары 3 мыңдай ғана болатын.
Мамандар маймыл шешегі адам өміріне қауіп төндірмейді деп, әзірге індет санатына жатқызбай отыр.
«Маймыл шешегі әлем бойынша тез таралып жатыр. Сондықтан қоғамдық денсаулық сақтау саласында халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияладым. Сақ болғанымыз жөн!», - деді ДДСҰ бас хатшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.