Алматыда Audi бетон қабырғаға соғылып, жүргізуші мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Көлікте болған жолаушы оқиға орнынан қашып кеткен

sputnik.kz

Алматы қаласында көлік жүргізушісі бетон қабырғаға соғылып, қаза болды. Ал оның жанында отырған жолаушы оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, Audi A6 жүргізушісі Саин даңғылымен келе жатқан. Ал Шаляпиннің көшесі өтетін көпірдің астына кіргенде рөлге ие бола алмай, айнала бастаған. Сосын бордюрге және бетон қабырғаға соғылған. Одан кейін аударылып, бірнеше метр сырғып өткен.

Салонда екі адам болған. Көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Куәгерлердің айтуынша, жолаушы оқиға орнынан қашып кеткен.