GGG мен Деревянченко жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Автор: Azattyq Rýhy

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан күні 05:00-те басталады. «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары жекпе-жектен тікелей эфир ұсынады

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің салмағы 159,2 фунт (72,21 кг) болды. Ал Деревянченко 159 фунт (72,12 кг) тартты. Орта салмақтың шекті көрсеткіші — 160 фунт, яғни 72,574 кг.

Жекпе-жек ертең АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында әйгілі «Madison Square Garden» аренасында өтеді.

Сондай-ақ, аталмыш бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы — Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Эндрю Эрнандеспен (20-7-2, 7 КО) қолғап түйістіреді. Ол да салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз түйістірді.

Оқи отырыңыз: GGG vs Derevyanchenko: Айтжанов, Ыбырайымов және спорт комментаторлары жекпе-жек туралы