Алматыда көлік терезесінен денесін шығарып жүргендер жазаланды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын

Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін Алматы полициясы «Range Rover» көлігінің жүргізушісін жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін желіде көлік терезесі мен люгінен денесін шығарып алған екі жігіттің видеосы тараған болатын. Бейнежазба тәртіп сақшыларының назарына ілініп, нәтижесінде жол ережесін бұзған 1996 жылы туған К. есімді көлік жүргізушісі анықталды.

 «Range Rover» көлігінің жүргізушісі К. есімді азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды»,- деп хабарлады полициядан.