Мектеп ауласындағы ағаштарды кесуге бұйрық берген директордың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Автор: Azattyq Rýhy

Әкімдік мектеп директорының шешімін заңсыз деп тапты

Фото ашық дереккөзден

Жетісу облысында мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды.Текелі қаласындағы мектеп директоры ағаш кескені үшін айыпты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мектеп басшысы оқу орнының аумағындағы қарағайлы аллеяны кесуге бұйрық берген. Оның бұл әрекеті қоғамдық наразылық тудырды. Қала тұрғындары бұл жай ағаштар емес, Қырым қарағайының сирек кездесетін түрі деп отыр. Ал мектеп басшысы олар қатты желде құлап, біреуді жарақаттауы мүмкін деп қауіптенген көрінеді. Қалай болған күнде де директордың ісі әкімдік тарапынан заңсыз деп табылып, 1 млн 715 мың теңгеге шығын келді деп есептелді.