Аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр
Ақмола облысында орналасқан Бестөбе алтын кенішінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алтыналмас» АК» акционерлік қоғамы таратқан мәлімдемеге сүйенсек, аталмыш шахтаның жұмысы бір жылдан бері тоқтап тұр. Іші жер асты суына толған, сондай-ақ, желдету және басқа инженерлік жүйелері істен шыққан. Сондықтан шахтаға кіру адам өмірі үшін қауіпті. Ер адамның денесі ұйықтауға арналған көрпе қаптан табылған. Оның сол Бестөбе ауылының тұрғыны екені анықталды.
Бұл деректі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Сонымен бірге, бұл деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілгенін және осыған қатысты тергеу жүріп жатқанын атап өтті.