Ол павлодарлықтардан ақша жинап алып, Ресейге кетіп қалған
Павлодар облысында алаяқтық жасаған ресейлік азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Павлодар облысының полицейлері ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдіктіні ұстады.
41 жастағы Ресей Федерациясының азаматы 2017 жылы павлодарлықтан бизнесті ұйымдастыруға ақша алып, белгіленген мерзімде қайтармай қойған.
«Павлодар облысының жедел қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, Омбы қаласында құрықтады», деп көрсетті Павлодар облыстық Полиция департаменті.
Айта кетейік, жылдың басынан бері павлодарлық жедел уәкілдер тергеу органдарынан жасырынған 59 қылмыскерді іздеп тапты.