$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны бір айда 3 есеге артты

Қазіргі кезде Қазақстанда вакцинаның 3 түрі бар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны бір айда 3 есеге артты
Фото ©REUTERS

Республика бойынша 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3 есеге, яғни 2558 жағдайдан 8156 жағдайға дейін артқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйым Біржанова мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі бар (QazVac, Sinopharm, Pfizer), қайта вакцинациялауға QazVac және Sinopharm вакциналары қолжетімді. Егу пункеттерінде 1,6 млн доза вакцина бар. Соңғы мәлімет бойынша КВИ-ге қарсы вакцинациямен халықтың вакциналауға жататын ересек тобының 80%-дан аса бөлігі немесе бүкіл ел халқының 56%-ы қамтылған. I компонент – 10,7 млн, II компонент 10,4 адамға егілді. Тәулігіне 5 мыңнан аса адам вакцина алып жатыр.

Бүгінгі таңда аймақтардағы жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде 35 адам жатыр. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 15, Қызылорда облысында – 5, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 науқастан жансақтау бөлімінде жатыр», – деді Күляим Біржанова.

Оның айтуынша, инфекциялық төсек-орындар Нұр-Сұлтан қаласында – 49%, Алматы қаласында - 46%, Жамбылской облысы – 43%, Солтүстік Қазақстан 40% құрап отыр.

Серіктес жаңалықтары